Фото: Астана әкімдігі
Алматыдағы жеке мектептердің бірінің маңынан көлік ішіндегі ер адамның денесі табылды. Алматы қалалық Полиция департаменті ақпаратты растады.
— Зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның денесі табылды. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жүрек жеткіліксіздігінің салдарынан қайтыс болған, - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Осыған дейін Алматының Түрксіб ауданында бір әйелдің денесі табылған болатын. Алматы полиция департаменті аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.
Бұдан бөлек, Алматыда жер үйлердің бірінен егде жастағы ерлі-зайыптылардың мәйіті табылғанын жазған едік. Желідегі мәліметке сәйкес, ер адам 87 жаста, ал әйел 89 жаста болған.