20 нау, 2023 сағат 11:42

Алматыда көлік көпірден құлады: екі адамның жағдайы ауыр


Алматыда Toyota Camry көлігі көпірден құлап, бірнеше адам зардап шекті, екі адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, апат салдарынан алты адам зардап шеккен. Олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен ауруханаларға жеткізілген.

"Төрт зардап шегуші бас сүйек-ми жарақаттарымен, әртүрлі дәрежедегі сынықтармен және көгерулермен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Көрсетілген көмектен кейін олардың біреуі тұрғылықты жері бойынша емханаға әрі қарай амбулаторлық емделуге жіберілді, үшеуі ауруханада, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта олардың жағдайы алған жарақаттарына байланысты ауыр деп бағаланып отыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Ал №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген бір науқас нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылған, жағдайы орташа ауыр.

"Барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілді", - деп қосты Алматы денсаулық сақтау басқармасы.