28 шіл, 2021 сағат 19:47

Алматыда Көктөбедегі ең ірі автотұрақ бұзылады


Алматыда сот шешімімен Көктөбедегі ең ірі автотұрақ бұзылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаланың қала құрылысын бақылау басқармасы Горная көшесіндегі, Горновосточная көшесінің шығысындағы автотұрақ иесінің жерді уақытша ақылы пайдалану мерзімі аяқталғанын хабарлады. 

«Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін жерді пайдаланушы жер қатынастары басқармасына оны ұзартуға өтініш берді. Бірақ мемлекеттік мекеме оның берген өтінішінен бас тартты. ЖҚБ-дан тиісті хабарламаны алып, біз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз бердік. Сот шешімімен бүгінгі таңда автотұрақты бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыре», – деп түсіндірді ведомство. 

Айта кетейік, бұрынғы автотұрақ шамамен мемлекеттік жердің 1,3 гектар аумағын алған болатын.