Алматыда қала күніне орай «KITAP FEST 2021» кітап фестивалі өтеді. Оған ұйымдастырушылардың айтуынша шамамен 500 адам қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
KitapFest- бұл 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін кітап фестивалі. 7 жыл ішінде республикалық зияткерлік платформаға айналды.
Шара 25 қыркүйек күні «Форум» сауда орталығында өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл фестиваль пандемияға байланысты шектеулі форматта өтеді. Келушілер саны 500-ден аспайды.
Кіру шарттары: ASHYQ қосымшасында «жасыл» статус болуы керек. Міндетті түрде маска режимі сақталады.
Фестиваль аясында дәрістер, жазушылармен кездесу, кітаптардың тұсаукесерлері мен байқаулар өтеді.
«KITAP FEST 2021» аясында:
- Спикерлердің баяндамаларын онлайн-трансляциялау;
- кітап алмасу, соның арқасында сөрені түрлі жанрдағы қызықты кітаптармен толықтырудың бірегей мүмкіндігі пайда болады;
- жазу шатыры. Отандық жазушылар өз кітаптарын ұсынып, сөз сөйлейді;
- кітап жәрмеңкесі. Кітап дүкендері, баспалар және интернет-дүкендер көрмеде өз өнімдерін ұсынады, қаласаңыз өзіңізге ұнайтын әдебиеттерді дәл сол жерде сатып ала аласыз;
- Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы. Әр түрлі белсенді шаралар қарастырылған.