Егер келушілердің бірі коронавирусты кинотеатрдан жұқтырғаны анықталса, ол жабыла ма? Бұл сұраққа онлайн брифинг барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жандарбек Бекшин Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің № 57 қаулысына сәйкес, Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін атап өтті.
«Келушілердің біреуі ауру жұқтырса, кинотеатрлар жабылмайды. Инфекция фактісі расталса, онда ол қарқынды түрде дезинфекцияланады. Егер инфекцияның қайталанған жағдайлары болса, онда бұл кинотеатр жабылуы әбден мүмкін. Бұл мәселе әлі де қарастырылатын болады. Біз барлық тұрғындар мен кәсіпкерлерден денсаулық сақтау министрлігінің барлық профилактикалық шаралары мен талаптарын орындауды сұраймыз», - деп жауап берді Жандарбек Бекшин.
Еске салайық, Алматыдағы кинотеатрларға 26 қазаннан бастап жұмыс істеуге рұқсат берілген.