Алматыда белгісіз ер адам тапаншамен балабақша аумағына кірмекші болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Белгісіз ер адам күзетшіні тапаншамен қорқытып, балабақша аумағына кірмек болған. Мектепке дейінгі мекеменің күзетшісі полиция жасағын шақырды», - дейді бейнежазба авторы.
Оқиға Наурызбай ауданының коттедж қалашығында орналасқан «Ашамай-2» балабабақшасында болды.
Бұл жағдайға қатысты Алматы қаласы Полиция департаментіндегілер пікір білдірді.
«Бұл факт Наурызбай ауданының полиция басқармасында тіркелді. Қазір тексеру жүріп жатыр. Ер адамның қолындағы қару - газбен атылатын тапанша, ресми түрде рұқсатын алған. Іс жүргізу кезінде заңға сәйкес шаралар қолданылады», - делінген жауапта.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркелді.