15 қаз, 2020 сағат 08:12

Алматыда қарттар күніне орай спорттық шаралар өтіп жатыр

Бүгін Алмалы ауданының орталық саябағында қарттар күніне арналған іс-шара аясында спорттық іс-шаралар өтіп жатыр. Атап айтқанда, йога, скандинавиялық жүріс, фитнес билер, айкуне, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алмалы ауданы әкімдігінен мәлім еткендей, бұл іс-шараның мақсаты - егде жастағы тұрғындардың денсаулығын нығайту, белсенді әлеуметтік өмірге тарту. Оған Алмалы ауданының 50-ге жуық аға буын өкілдері қатысуда.

Ал таза ауадағы спорттық шаралар Ганди атындағы саябақта, Сосновый, Прокофьев атындағы жаяу жүргіншілер аймағында өтеді. Сонымен қатар, ауданның құрметті азаматтарының қатысуымен ағаш отырғызу ұйымдастырылады.