30 шіл, 2020 сағат 10:50

Алматыда карантин талаптарын бұзған 14 нысанның жұмысы тоқтатылды

Алматыда мобильді топтар жүргізген рейд барысында карантин талаптарын бұзған 14 нысанның жұмысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

29 шілдеде қала бойынша 43 мобильді топ 308 нысан тексерілген болатын. 

Нәтижесінде 14 нысанның жұмысы тоқтатылды. 156 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, 207 нысан бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бақылауға алынды.