Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қарулар тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласында биыл 5-6 қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару-жарақ партиясы анықталған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Алматы әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысқан Өзбекстанның 23 жастағы азаматы ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, тұрғылықты жерінен екі пышақ пен бір пневматикалық тапанша тәркіленген.