
Алматылық дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан 1 мыңнан астам науқастың жағдайын тұрақтандырды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спикер реаниматология және анестезиология орталығы жұмысының оң нәтижесін атап өтті.
«Бүгінде дәрігерлер 1000-нан астам ауыр науқастың жағдайын тұрақтандырып, оларды реанимация бөлімшесінен палатаға көшірді. Мысалы, орташа ауыр жағдайдағы пациенттер саны 2,5 есе — 3 256-дан 1 343 адамға дейін төмендеді», - дейді ол.
Қаланың бас дәрігерінің айтуынша, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ковид бөлімшесінде жұмыс істей алатын мамандар резервін жасап, тұрақты түрде кадр дайындайды.
«Алдыңғы шепте 1 096 қызметкер жұмыс істейді (оның ішінде 235 дәрігер, 471 медбике, 390 кіші медицина қызметкері). Бүгінгі күні барлық стационар білікті мамандармен толық жасақталған, бірақ жоспарланған төсек-орын қорын пайдаланған жағдайда кадрларға деген қажеттілік те артады. Ол үшін бүгінде мамандарды қайта даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Әрине, дәрігер-инфекционистер, пульмонологтар, анестезиолог-реаниматологтар және эпидемиологтар - коронавируспен күресте ең сұранысқа ие мамандар болып қала береді»,v- деді Нариман Табынбаев.
