15 там, 2020 сағат 09:56

Алматыда қандай нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынды?

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында бірқатар нысан мен кәсіпорынның жұмыс істеуіне рұқсат жоқ екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ойын-сауық шараларын, спорт, отбасылық, еске алу, салтанатты және басқа да көпшілік шараларды өткізуге тыйым салынады. Сонымен қатар, конференциялар, көрмелер, форумдарға да рұқсат жоқ. Караоке, қорқор, бильярд орындары, компьютер клубы, букмекерлік кеңсе, түнгі клубтар, боулинг орталық, аттракциондар, фудкорттар, кинотеатрлар және ересектер мен балаларға арналған көңіл көтеру орындары да жұмыс істемейді. Мұражайлар, діни нысандар, сонымен бірге, қалалық және қоғамдық жағажайлардың бассейндері, ашық аквапарктердің жұмысына тыйым салынған», – деді Жандарбек Бекшин. 

Сонымен қатар, ол жұмысына тыйым салынған нысандар қатаң бақылауда болатынын атап өтті.