Алматыда екі жаңа автобус маршруты қаланың сыртынан орталығына қатынайтын болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
1 қыркүйектен бастап «Bus way» ЖШС №214 маршрутын ашты. Бұл автобустар Жаңа талап, Жаңа дәуір елді мекендерінен «Алматы 1» вокзалына қатынайды.
Сонымен қатар, «Самат Транс» ЖШС №228 маршруты Өтеген батыр ауылынан Панфилов көшесіне дейін жүретін болды.
Бұған дейін Қалалық мобильділік басқармасы қыркүйектен бастап қалаішілік жаңа 7 маршрут пен қала сыртынан қатынайтын 16 маршрут ашылатынын хабарлаған болатын.