Фото: Алматы әкімдігі
Алматы қаласының күні биыл бұрын-соңды болмаған ауқымда атап өтіліп, мерекеге 500 мыңнан астам тұрғын мен қонақ жиналды. Қала алаңдары би мен жанды әуенге, күлкі мен шығармашылыққа толы болды, деп хабарлайды Ult.kz.
KitapFest Арбатта – 40 мыңнан астам әдебиетсүйер қауым
Alma Fest Тұңғыш Президент саябағында – 100 мың қонақ
Астана алаңы – 130 мың көрермен
18–21 қыркүйек аралығында Алматының барлық 8 ауданы мәдени марафонға қосылды. Панфилов көшесінде – инновациялық Digital Fest, Арбатта – KitapFest, саябақта – Alma Fest, ал Көктөбе мен орталық алаңдарда гала-концерттер өтті.
Сахнаға қазақ өнерінің аңызға айналған тұлғалары – Роза Рымбаева, Дос-Мұқасан, Әли Оқапов, Зарина Алтынбаева, Жанболат пен Жазира, Ulytau шықса, мерекенің хедлайнерлері қатарында Қайрат Нұртас, МузАрт, Ninety One, Shiza, TURAR, bellucci, Adam, De Lacure болды.
Қала күні Алматы тұрғындары мен қонақтарын біріктіріп, мегаполиске деген сүйіспеншіліктің, мәдениет пен заманауилықтың мерекесіне айналды.
