Фото: independent.co.uk
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Орал қаласының аумағында полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 32 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғанындай, аталған азамат ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы қаласы полиция департаменті тарапынан іздестірілген.
Қылмыстық іс Алматы қаласы полиция департаментінде тіркелген.
— Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өңір аумағында 10–13 наурыз аралығында өткізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.
