COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды ауруханаға жатқызу және ауруды басқару моделі алдағы жағдайды болжау және ауруханаға жатқызу жүйесін басқару үшін жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бағдарлама денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейіне негізделеді және науқастарды стационарларға дұрыс бөлуді көздейді. Бұл процестегі негізгі реттеуші жедел медициналық көмек болып табылады, олар шақыру түскен соң аурудың ауырлық дәрежесін анықтап, егер аурудың жеңіл түрі болса науқастарды емханаларға жіберіп, ал инфекцияның қиын түрі болған жағдайда ауруханаға жатқызуы керек.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында 6000 төсек-орын ашылған, оны тағы да 1000 төсек-орынға арттыру жоспарда бар. Бұл ретте, ауруды басқару моделіне сәйкес, денсаулық сақтау жүйесіндегі коллапс кезінде тәулігіне 500 адам ауруханаға жатқызылуы мүмкін. Ал стационарлар 70% толық болғанда қатаң шектеу шараларын енгізу қажеттілігі туындайды.
«6000 төсек-орын болғандықтан біздің міндет тәулігіне ауруханаға түсетін адамдар санын 350-ден асырмау. Бұл өте маңызды, өйткені егер ауруханаға түскен науқастар саны көбейген кезде уақтылы шаралар қабылданбаса, онда жүйе құлдырауы (коллапс) мүмкін. Яғни, ауруханаға түсетіндер саны күніне 500-ге дейін жетуі мүмкін, бұған біз жол бермеуіміз қажет. Бұл стационарлардағы біздің әріптестеріміз үшін ауыр жүктеме болмақ және төсек-орын резервтері де, шексіз емес», – деп атап өтті Камалжан Надыров.
Стационарлардың қабылдау мүмкіндігін бақылау үшін бос төсек-орын қорының тұрақты мониторингі жасалады. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы бар науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін төсек ауысымы айына 3 адам деңгейінде болуы керек.
«Стационарлар 70% пайызға толық болған кезде біз ауруханаға жатқызу деңгейін төмендетуге және ыңғайлы жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қатаң шектеу шараларын енгізуге мәжбүр боламыз. Бұл стационарлық деңгейде сапалы емдеу мүмкіндігін береді. Дәл осы деңгейде шектеу шаралары ыңғайлы, бұл дегеніміз кәсібіміздің тұтастай жабылмауына, бірақ белгілі бір шектеулер жағдайында жұмыс істеуімізге мүмкіндік. Яғни, экономикалық белсенділікті қалпына келтіреді», – дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров.