Khabar/видео кадры
Алматыда Гүлмира Сатыбалдаға қатысты басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның бұрынғы жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты кәсіпкерді бопсалау және заңсыз бас бостандығынан айыру туралы іс бойынша сот талқылауы басталды. Процесте төрағалық етуші судья - Мартпек Кәкімжанов.
Сатыбалды Астанадағы мекемеден Алматыға жеткізілді, ол екінші айыпталушымен бірге сотқа қатысып жатыр. Сондай-ақ залда жәбірленуші кәсіпкер Жүнісов пен оның екі ағасы бар.
Сот отырысының басында судья қорғаушының айыпталушы мен олардың қорғаушыларының суреттерін жариялауға тыйым салу туралы өтінішін қанағаттандырды. Айыпталушыларға құқықтары айтылып, одан кейін прокурор айыпты оқыды.