Алматының жүз жасаған тұрғыны референдумда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Нина Крылова Мәскеуді қорғауға қатысқан. Соғыс аяқталған соң тұрмыс құрып, отбасылы болады.
Ардагер Алматы қаласының №81 балабақшасында педагог-тәрбиеші болып еңбек еткен.
Жауынгерлік наградалардан бөлек, еңбекте жеткен жетістіктері үшін грамоталармен марапатталған.
Нина Афанасьевна қартайған шағында да ел тағдырына бейжай қарамай, үйден дауыс беруді ұйымдастыруды сұрапты.
Көшпелі сайлау комиссиясы ардагердің өтінішін қанағаттандырды.
Ардагер әжеміз еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бергенін жеткізді.