17 қыр, 2020 сағат 11:40

Алматыда ер адам көпірден секіріп, мерт болды

Алматыда ер адам жаяу жүргіншілерге арналған көпірден секіріп, мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін, 17 қыркүйек күні, сағат 13:00 шамасында полицияның жедел басқару орталығына Сүйінбай даңғылында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінен ер адамның секіріп кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. 

«Суицид жасаған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қайтыс болған адамның жеке басы анықталуда. Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады»,– деп хабарлады полициядан.