03 там, 2025 сағат 14:47

Алматыда ер адам бұрын сатқан көлігін өзі ұрлап кетті

Фото: Polisia.kz

43 жастағы азамат үш жыл бұрын көлігін сатқанда қосалқы кілтін өзіне сақтап қойған. Біраз уақыт өткен соң, автокөліктің қайда тұрғанын біліп, оны жасырын түрде айдап кеткен, деп хабарлайды Ult.kz.

Қылмысын әшкереленбеу үшін ер адам алдын ала дайындалған: бетперде мен киім ауыстыратын заттар сатып алып, сырт келбетін өзгерткен. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларынан жасырынуға тырысқан.

Ұрланған көлік қаланың шетіне жасырылған, алайда полиция оны дер кезінде тауып алды.

Қылмысты қаншалықты ұқыпты жоспарлағанымен, күдікті жауапкершіліктен құтыла алмады.

Қазір көлік тәркіленіп, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.