#
#
Бейсенбі 26/11/2020

Алматыда эпиджағдай күрделене түсті: Бекшин тұрғындарға үндеу жолдады

  • 23.10.2020
  • 0
  • 87

Алматыда коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал шиеленісе түсті. Осыған байланысты қалалық бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин тұрғындарға үндеу жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 23 қазандағы жағдай бойынша, бүгінге дейін мегаполисте жалпы коронавирус инфекциясының 14607 оқиғасы тіркелген, оның 8762 - симптомды, 5845 - симптомсыз.

«Соңғы тәулікте COVID-19-дың 44 жағдайы және анықталмаған пневмонияның 5 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім - 0,3%, жұқтыру коэффициенті – 1,37 боп тұр. Осы аптада КВИ деңгейі бірінші аптаның деңгейінен 9 есе асып түсті. Қаладағы жағдай шиеленісе түсуде және аурушаңдықтың өсіп келе жатқаны байқалып келеді», - деді Жандарбек Бекшин.

Жалпы, әлемдегі эпидемиялық жағдай нашарлап бара жатқаны атап өтілді. 

Мысалы, Ресейде күніне 12 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Еуропа мен Америка аймағында да осындай жағдай. АҚШ-та тәулігіне шамамен 60 мың жағдай, Францияда - 30 мың, Ұлыбританияда – 14 мың, Испанияда, Германия және Италияда 5-15 мың жағдайдан тіркеліп отыр. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар