05 қаз, 2020 сағат 10:08

Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты - Жандарбек Бекшин

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегополистегі коронавируспен сырқаттанушылық жағдайына баға берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, Алматыда эпидеиологиялық жағдай тұрақты.

«Тәуліктік өсім көрсеткіші 0,006% құрайды, таралу индексі 1-ден төмен. Биылғы қыркүйек айында барлығы 165 КВИ жағдайы тіркелді (106 симптоматикалық және 59 симптомсыз), сондай-ақ 194 этиологиясы белгісіз пневмония. Эпидемиологиялық зерттеулер барысында КВИ ошақтарында 305 байланыс анықталды, оның 3 жағдайы ПТР әдісімен анықталды», – деді Жандарбек Бекшин. 

Өткен тәулікте коронавкирус инфекциясының 1 жағдайы тіркелді, соның ішінде симптомдық -0, симптомсыз- 1, этиологиясы белгісіз пневмония-1.

«Озық зертханалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, бұрын пневмонияның 48,4%-ға жуығы яғни 247 пациенттің қорытынды сараптамалары тереңірек зерттелді. Зерттеу барысында 35 (14%) COVID-19 диагнозы анықталса, 87-сі (35%) - бактериялық пневмония», – деді ол.