26 там, 2020 сағат 17:50

Алматыда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді - Сағынтаев

Мегополисте эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» теларнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматылықтардың сұрақтарына жауап берген шаһар басшысы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын айтты. 26 тамыздағы мәлімет бойынша, КВИ-дің 14 129 оқиғасы тіркелген, 12 647 адам (89,5%) емделіп шықты, тәулік ішінде 56 адам сауықты. 

«COVID-19 жұқтырған 589 науқас стационарларда ем алып жатыр. Жалпы қуат - 5871 төсек-орын. Оның 10,2% бос емес. 5 192 (89,8%) төсек-орын бос тұр. Біз апта сайын жағдайдың жақсарғанын байқап отырмыз», – дейді Бақытжан Сағынтаев. 

Сонымен қатар, ол қалада 400 мыңнан астам адамға ПТР тест жасалғанын атап өтті.