Алматыда екі КамАЗ көлігінің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Т.Рысқұлов даңғылы мен Ф.Оңғарсынова көшесінің қиылысында болды.
«Ф.Оңғарсынова көшесінің оңтүстік бағытында қиыршық тас тиелген көлік бұзылып, тоқтап қалған. Жүргізуші техникалық көмекті күтіп тұрды. Осы кезде басқа жүк көлігі қатты жылдамдықпен жолда тұрған КамАЗ-ды соққан. Салдарынан жүргізушіге көлікті жөндеуге көмектесіп жатқан ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам қаладағы аурухананың біріне жеткізілді», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция адам өлімі болған жол-көлік оқиғасын сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сараптама тағайындалды.