30 қаз, 2020 сағат 13:03

Алматыда екі сауда ойын-сауық орталығына айыппұл салынды

Алматы бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін екі сауда ойын-сауық орталығының басшылығына айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Олардың бірі Алмалы ауданында М.Мақатаев көшесінде орналасқан «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығына 2 222 400 теңге көлемінде айыппұл салынса, Бостандық ауданында Розыбакиев көшесінде орналасқан «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығына 2 222 400 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді департаменттен.

Одан бөлек 29 қазанда мониторинг топтары 73 тексеру жүргізген. 18 нысанда заңбұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, маска режимін бұзғаны үшін 15 әкімшілік хаттама толтырылып, 625 050 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алатау ауданында бірқатар қызмет көрсету орындары, сән салоны, дүкендер, автожуу орындарында санитайзерлер жоқ болып шықты.

Алмалы ауданында «Easy Lounge» кальян орталығы мен «Infinity» түнгі клубының жұмысына уақытша тыйым салынды.

М.Әуезов ауданында «Мотор» бары, Райымбек даңғылындағы 496а/7 мекенжайындағы «Оптовый химикат» ғимаратында қызметкерлер маска тақпаған.

Түрксіб ауданында «Сенсазия» кафесінда банкет болған.

Наурызбай ауданында «Іңкәр сезім» дүкенінде маска режимі бұзылған.

Жетісу ауданында «Ялян» және «Ялян-2», «Байсат» базарларында қызметкерлері мен келушілерде де маска жоқ. Санитайзерлер жоқ.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысындағы шарттарды бұзған кәсіпкерлер ҚР ӘқбК 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.