28 шіл, 2020 сағат 10:30

Алматыда екі қызды соққыға жыққан ер адам ұсталды

Алматыда қаланың ортасында екі қызды соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқыс оқиға 25 шілдеде Абылай хан көшесінде болған. Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы SVET қоғамдық қорының парақшасында жарияланды. 

Қыздар көліктерінің жанармайы таусылған соң Қазыбек би көшесінде тоқтауға мәжбүр болған. 

Достарынан көмек күтіп отырған бойжеткендерге мас адам келіп тиісе бастаған. Мазаларын алмауын өтінген қыздардың біреуін ол шашынан ұстап көліктің капотына соққан. 

Екінші қыздың жағынан бір ұрып, жерге құлатқан. Қыздар көлікке кіріп есікті іштен жауып алған кезде бұзып кірмек болған. 

Аша алмаған соң ер адам көлігіне отырып кетіп қалған. 

Миы шайқалып, соққы алған қыз ауруханаға жеткізілді.

Қалалық ПД бұл дерек бойынша Алмалы аудандық ПБ ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғады. 

Қазір полиция 32 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу ісі қалалық ПД басшылығының бақылауына алынбақ.