02 ақп, 2023 сағат 12:15

Алматыда екі автобус соқтығысты - бірнеше адам жарақат алды

видео кадрлары

Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысты. Салдарынан 6 алты адам жарақат алған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Алматыда 2 ақпан сағат 08:30-да Әл-Фараби даңғылында (Жароков көшесінің батысына қарай) жол апаты болды. Екі қоғамдық көлік соқтығысты.

Жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің мәліметі бойынша, 31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамай, аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам дене жарақатын алды" - делінген ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасын Бостандық аудандық ПБ-ның қызметкерлері өндіріске қабылдады.

видео: Tengrinews.kz