08 там, 2025 сағат 10:26

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне байланысты бірқатар көшелер уақытша жабылады


Фото: Уикипедия

Алматы қалалық полиция департаменті әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концертінің өтуіне байланысты қалада бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Полицияның мәліметінше, 10 тамызда келесі жол учаскелері уақытша жабылады:

Байтұрсынов көшесі Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін,

Сәтбаев көшесі Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін,

Абай даңғылы Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.

Концерт Орталық стадионда өтеді. Дженнифер Лопестің концерті сағат 19:00-де басталады, жол жүруге шектеу 10 тамыз күні сағат 16:00-ден басталады.