Фото: ұйымдастырушылардан
Алматыда Disney студиясының «Лило мен Стич» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. Оған елімізге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен депутаттар, дубляж актерлары мен блогерлер, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл – Disney-дің қазақ тілінде «сөйлеткен» бесінші фильмі. Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 40-ға жуық нұсқасын дайындайды. «Қазақ тілі» қоғамының ұйытқы болуымен былтырдан бастап ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларын қазақ тілінде ұсына бастады. Осы бастама аясында Disney студиясы 2024 жылы «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша» деп аталатын үш фильмін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды. Биыл наурызда «Ақшақар» туындысы ұсынылған болатын.
Көрсетілімге дубляж актерларының толық құрамы, танымал тұлғалар қатысты. Олар: Disney студиясының «Лило мен Стич» фильмінің қазақ және орыс тіліндегі дубляж режиссері әрі Стичтің дауысы – Шах-Мұрат Ордабаев, Нани кейіпкерін дыбыстаған кино және театр актрисасы, дизайнер, блогер және қоғам белсендісі – Айжұлдыз Адайбекқызы, Пликлидің дауысын берген телерадио жүргізуші, әнші, актер және диктор – Қазбек Қасым, Дэвидтің дауысын салған стендап-комик – Руслан Тай.
Көрермендерге фильмді Meloman Entertainment кинокомпаниясының дистрибуция директоры Максим Колодкин мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы таныстырды.
Дубляж актерларының сұхбаттарын мына жерден көре аласыз:
· Айжұлдыз Адайбекқызы https://youtu.be/VCm41eShf70
· Қазбек Қасым https://youtu.be/Qp2i5GAAdvw
· Руслан Тай https://youtu.be/fp9918OGBVw
· Шах-Мұрат Ордабаев https://youtu.be/VCm41eShf70
Фильм трейлері: осы жерден қараңыз
Постерлер: https://disk.yandex.ru/d/V2_DfdOGGwv4Wg
Премьера фотоларын мына жерден жүктеп алуға болады:
https://disk.yandex.ru/d/YvWeR2DbC9ysKg (фотограф Руслан Зиганшин)
https://disk.yandex.ru/d/3cEXcq0f5Yyvpw (фотограф Тима Балдин)
Анықтама: