11 қар, 2020 сағат 10:42

Алматыда дезинфекция жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Алматы қалалық тұрғын үй басқарма басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев мегополистегі залалсыздандыру жұмыстары туралы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы көппәтерлі үйлердің кіреберістері мен балалар алаңдарын аптасына 3 рет профилактикалық зарарсыздандыру жұмыстарын қайта бастады. Сонымен қатар, коронавирус инфекциямен ауыру тіркелген жағдайда тұрғын үйлердің кіреберістеріне қорытынды түрінде бір рет зарарсыздандыру жүргізіледі. 

«Алматыда дезинфекциялық жұмыстар наурыз айында басталған болатын. Тамыз айына дейін аптасына екі рет өнделді. Қыркүйек пен қазан айында аптасына бір рет жүргізілді. Қарашаның екісінен бастап аптасына үш рет көппәтерлі тұрғын үйлерді өңдеуге 60 бригада шығады. Олардың құрамында 600 – ге жуық дезинфекциялаушы бар. Сонымен қатар, дезинфекцияны жүргізер алдында тұрғындарға хабарланады», – дейді Мейіржан Отыншиев.

Еске сала кетер болсақ, қалада 8503 үйде 23454 кіреберіс және 4082 аула аумақтары бар.