#
#
Сейсенбі 20/10/2020

Алматыда дәрігерлердің бейнесі көшелердегі билбордтарға қойылды

  • 19.09.2020
  • 0
  • 145

Алматы әкімдігі қала күнін мерекелеу аясында пандемия кезінде коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болған дәрігерлердің еңбегі мен ерлігіне деген алғыс пен құрмет белгісі ретінде «Алматы ынтымақтастығы» көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"  .

Алматылықтар метро станциялары мен LED-экрандардағы билбордтардан ақ халатты абзал жанарды көре алады. 

Фотосессияға №29 Қалалық емханасының, Алматы қалалық Жедел медициналық жәрдем қызметінің, № 1 Қалалық клиникалық ауруханасының, ШЖҚ «Орталық қалалық клиникалық аурухана» МКК, №17 Қалалық емханасының, И.С. Жакенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының және Қалалық балалар жұқпалы Аурулар ауруханасының 100-ден астам медицина қызметкері қатысты. 

«Өзімнен және өз әріптестерімнен фотосессияға шақырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Наурыз айынан бері көрмеген көптеген әріптестерімізді көрдік. Тәжірибе алмасып, бір туғандай әңгімелесе алдық. Көңіл-күйді көтеретін осындай іс-шаралар көбірек болса екен», - деді медбике Гүлмира Абдуллаева.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар