09 қаз, 2024 сағат 15:35

Алматыда бұрынғы судья ұсталды

Фото: pexels.com

Nege Aqsha Telegram-арнасында Медеу аудандық сотының экс-судьясы Светлана Жолманова ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Оның алаяқтық жасаған деген күдікке ілінгені хабарланған.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі NUR.KZ тілшілеріне алаяқтық фактісі бойынша Медеу ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын растап берген.

"Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп қосты ведомство өкілдері.