16 там, 2021 сағат 16:07

Алматыда бұршақ аралас жаңбыр жауды


Алматыда бұршақ аралас жаңбыр жауды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыдағы қазіргі ауа райынан түсірген суреттер мен видеоларды бөлісіп жатыр. 

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша Алматыда алдағы күндері күн райы ашық, жауын-шашын болмайды. 

Ал таулы аудандарда – жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды. 

17-19 тамыз аралығында республиканың басым бөлігінде антициклон әсерінен күн ашық болады. Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.