10 қаң, 2022 сағат 00:39

Алматыда бүлікшілер қолынан қаза тапқан ҰҚК курсантының денесі туған жеріне жеткізілді


Алматыдағы теракт кезінде қаза тапқан ҰҚК Шекара академиясының курсанты Мейірхан Бітімнің денесі 9 қаңтарда Ақтауға жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, оның жарқын бейнесі маңғыстаулықтардың мәңгі есінде қалатынын жеткізді.

"Мейірхан Ержанұлы Отаны үшін жанын қиды. Ол террористер қолынан қаза тапты. Ол бар болғаны 19-да еді. Бұл қайғылы хабар бәріміздің көңілімізге қаяу салды. Мәңгі есімізде қалады. Ата-анасы мен жақындарына сабыр берсін", - деді облыс әкімі.

Мейірхан Бітім - Ақтаудағы №11 мамандандырылған физика-математика бағытындағы гимназия түлегі. Алматыдағы ҰКҚ Шекара академиясында 2-курста оқыған. Марқұмды жерлеу рәсімі 10 қаңтарда өтеді.