29 шіл, 2016 сағат 07:14

Алматыда борышкерлер мен банк дауды дипломатиямен шешуге кірісті

"Борышкерлермен арадағы даудан пайда таппасын түсінген банктер мәселені дипломатиялық жолмен шешуге кірісті. Кезінде ипотекалық несиені оңды-солды таратып, енді қазір соттың табалдырығын тоздырып жүргендер қарашаны тағы бір құжатқа қол қоюға шақырды", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бірақ бұл жолы қарызға батыру үшін емес, керісінше тығырықтан шығудың жолын қарастыру үшін. Өйткені борышкерлердің көбі банкке кепілдікке қара басындағы жалғыз баспанасын қойып тастаған. Сот арқылы сол азаматтарды үйінен күштеп шығаруды тоқтату үшін Ұлттық Банк, екінші деңгейлі банктер мен Алматы әкімдігі, қоғамдық бірлестіктер төртжақты мәмілеге қол қойды. Яғни, бүгіннен бастап 3 ай мерзім ішінде несиесін қайтара алмай жүргендер банкке келіп, басындағы жағдайымен бөлісуі тиіс. Бірақ бұл борышкер несиесін өтемейді деген сөз емес. Тек шамасына қарай төлеу шарттарын жұмсартылады. Қазірде елде әне-міне үйінен қуылғалы жатқан 40 мың шақты отбасы бар. Ал құжат осы түйткілді шешуге септігін тигізеді ден сендіріп отыр Ұлттық банк өкілдері.               

Александр Терентьев, Ұлттық банктің басқарма басшысы:

-Борышкер өз еркімен банкке келіп, қаржылық қиындықтары барын ашық айтуы тиіс. Осылай бола тұра, қарызын өтеуден бас тартпайтындығын танытса, банк өкілдері оған түсіністікпен қарап, әр борышкерге қарызды өтеудің жолдарын бірлесіп қарастыратын болады.

"Ұлт ақпарат"