14 шіл, 2021 сағат 13:17

Алматыда бір тәулікте 15 мыңнан астам адам вакцина салдырды


Алматы қаласында бір тәулікте 15 257 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«13 шілде күні 15 257 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 13 шілде аралығында қалада барлығы 615 661 адам вакцина салдырды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер үлесі - 91 263» деп хабарлады басқармадан.

Қалада 212 пункт жұмыс істеп тұр. 1 260 адамнан тұратын 308 егу бригадасы бар.

Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған. 

«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.