Алматы қаласында бір тәулікте 14 066 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«7 шілде күні 14 066 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 7 шілде аралығында қалада барлығы 553 744 адам екпе алды, ал оның толық дозасы 333 136 адамға салынды»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 212 пункт жұмыс істеп тұр. 1 260 адамнан тұратын 308 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
