30 мау, 2021 сағат 13:10

Алматыда бір тәулікте 12 мыңнан астам адам вакцина алды


Алматы қаласында бір тәулікте 12 275 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«29 маусым күні 12 275 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 29 маусым аралығында қалада вакцинаның толық дозасын 298 003 адам алды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 76 660», - деп хабарлады басқармадан. 

Қалада 208 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 54 680 дозасы және екінші компоненттің 109 491 дозасы бар.

Айта кетейік, 26 маусым күні Алматыға QazVac вакцинасының 1 және 2 компонентінің 9 000 дозасы жеткізілді