07 шіл, 2021 сағат 12:29

Алматыда бір тәулікте 10 мыңнан астам адам вакцина салдырды


Алматы қаласында бір тәулікте 10 158 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«6 шілде күні 10 158 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 6 шілдесі аралығында қалада барлығы 540 343 адам вакцина салдырды, оның толық дозасын 327 303 адам алды», - деп хабарлады басқармадан. 

Қалада 212 пункт жұмыс істеп тұр. 1 260 адамнан тұратын 308 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.