25 мау, 2021 сағат 12:10

Алматыда бір тәулікте 10 мыңға жуық адам вакцина алды


Алматы қаласында бір тәулікте 9 449 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 24 маусым күні 9 449 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 23 маусым аралығында қалада барлығы 407 974 адамға екпе салынды. 

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 59 590.

Қалада 208 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

«Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 55 572 дозасы және екінші компоненттің 92 346 дозасы бар» - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.