#
#
Дүйсенбі 08/03/2021

Алматыда бір мыңға жуық жүргізушіге айыппұл салынды

  • 18.01.2021
  • 0
  • 187

Алматы қаласында былтыр 997 жүргізушіге мүгедекке арналған орындарға көлігін қойғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көлікті тұраққа, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жерге қоюды (ережесін бұзу) анықтау бойынша рейд өткізді. 

«Мұндай бейқам жүргізушілер өте көп болып шықты. Әркімнің әр түрлі сылтауы бар, кейбіреуі бұл белгіні көрмеген, ал басқалары бес минутқа қойған. Жауапкершіліктен жалтару үшін адамдар түрлі қулыққа баруға дайын. Сонымен қатар, көлікте «мүгедек» деген белгінің болуы мүмкіндігі шектеулі адамның көлік жүргізіп отырғанына кепілдік бола алмайтынын ескеру қажет. Тағы да ескерте кететін жайт, мүмкіндігі шектеулі жандар ғана көлігін арнайы белгіленген жерлерге қоюға құқылы», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров. 

Сонымен қатар, ол көлік құралын мүгедектерге арналған орындарға қойғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 4-бөлігі бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылғанын, ал бір жыл ішінде осы ережені қайталап бұзғаны үшін 15 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылғанын еске салды. 

2020 жылы көлік құралын қою ережесін бұзғаны үшін 16 321 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 997-сі көлігін мүгедектерге арналған орындарға қойғаны айыппұл төледі. 2021 жылдың 15 күнінде 581 жүргізуші көлік қою ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 30-ы мүгедектерге арналған орындарға көлігін қойған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР