06 нау, 2024 сағат 11:20

Алматыда Баян Мақсатқызының шоу-мюзиклі өтті

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы шоу-мюзикл кешін өткізді. Екі сағатқа созылған шығармашылық кеш продюсердің өнері мен жеке өмір жолынан сыр шертті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шоу-мюзиклда продюсердің өмірі кезең-кезеңімен қойылған. Шоу 1993 жылы түсірілген "Махаббат бекеті" фильмінен басталады.

Содан кейін продюсердің журналистикаға қадам басқан дәуірі көрсетіледі. Қыз-келіншектерге арналған түрлі бағдарламаның жүргізушісі болған. 

Кейін "КешYou" тобының құрылу тарихы. Алғашқы түсірілген фильмдері, "Қазақ аруы" байқауы, күйеуі Тұрсын Алагөзовпен таныстығы, "Бақыт" фильмі көрсетілген.


Қазақ эстрадасының жарық жұлдызына айналған Ерке Есмахан, Жанар Дугалова да мюзиклде төбе көрсетті. “3 минуттық әнімді 2 жіпке ілініп тұрып айттым”, – деп жазды Мөлдір Әуелбекова. 

“Босанғаннан кейін сахнаға шығып тұрмын. Қатты қобалжыдым. Қолдауларыңыз керек”, – деді Ерке Есмахан. Ал Балжан Бидаш “Сахнадан түсіп, көріп отырған жоқпыз. Не болып жатқанын білмейміз. Әртістер жаққа үлкен теледидар қойды. Содан тамашалап отырмыз” – деді әнші.