Алматыда балабақша тәрбиешісінің баланы ұрғаны видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Бұл видео әлеуметтік желіде таралып жатыр.
Оқиға Әуезов ауданындағы №58-балабақшада болған.
Бейнекадрда «Бауырсақ» тобының тәрбиешісі тамақ ішіп отырған баланы ұрып, зекіп, екінші бөлмеге отырғызып қоймақ болған.
Сол әйел қайта айналып келіп, екінші баланың басынан нұқыған.
Қалалық білім басқармасы бұл оқиғаға қатысты төмендегідей түсінік берді.
«Қазір сол балабақшаға тексеру жіберілді. Нәтижесіне қарай түсінік беріледі», - деді қалалық Білім беру басқармасынан.