24 мау, 2021 сағат 16:59

Алматыда баладан коронавирустың үнді штамы анықталды


Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырудың екінші жағдайы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазір бізде 1983 жылы туған әйел мен 2013 жылғы бала бар. Қауіпті вирус жұқтырғандар Саялы жұқпалы аурулар ауруханасында орналасты. Олармен байланыста болған адамдарға қатысты ақпарат әлі жоқ», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали.