Алматыда азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін бе? Қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тазабек брифинг барысында осы сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз қаладағы бағаны тежеу үшін барлық шараны қолданамыз. Бізде екі механизм бар - ынталандыру, яғни кәсіпкерлік субъектілеріне бағаны ұстап тұру бойынша міндеттемелер мен әкімшілік ресурстарды алу үшін қарыз беру, яғни шекті бағаларды бақылау», - деді ол.
«2021 жылдың басынан бері қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 109,6 пайыз болды. Бұл көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайызға төмен болып, қала 19 өңір арасында 15-ші орында тұр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 9,6 пайызға өсті. Бұл - макроэкономикалық көрсеткіш, бірақ біз қаладағы бағаны ұстап тұру үшін барлық шараны қолданамыз», - деді спикер.
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне бірінші сұрыпты ұн, нан, қарақұмық, күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі), тауық еті, сүт 2,5 пайыз, айран, сары май, жұмыртқа, тұз және сүзбе кіреді.
Әкімдік мәліметінше, жергілікті бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінген, олар қаланың сауда желілерінің сөрелеріндегі бағаларды тіркеуге, сондай-ақ өндірушілердің сату бағаларын тіркеуге бағытталған.