27 шіл, 2021 сағат 22:50

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты


Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Жол апатының видеосы желіде жарияланды. 

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметін жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтып берді. 

«Audi автокөлігінің жүргізушісі 28 жастағы Т. есімді азамат Трудовой көшесімен батыс бағытта келе жатып, Ясауи көшесінің қиылысында жол бермей YUTONG маркалы автобусқа соғылған. Қоғамдық көліктің рулінде Б. есімді 28 жастағы жүргізуші отырған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. ЖКО-ны М.Әуезов ауданы полиция басқармасының бөлімшесі тергеп жатыр», - деп мәлім етті полиция департаментінен.