11 қыр, 2020 сағат 08:32

Алматыда ауа сапасын жақсартатын бағдарлама әзірленді

Алматы қаласының экология департаменті мегополисте атмосфералық ауаны жақсарту мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Департаментте атап өткендей, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен, қоғаммен бірге Алматы, Теміртау қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының экологиялық мәселелерін шешу үшін жол картасы әзірленді. 

"Жол картасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласы бойынша экология департаменті нақты индикаторларды анықтай отырып, Алматы қаласы бойынша экологияны және атмосфералық ауаны жақсарту бойынша белсенді және тиімді жұмысты жалғастырады", - деп хабарлады ведомстводан. 

Жол картасы аясында қаланың ауа кеңістігін жақсарту мақсатында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Көмір қолданатын жылу және электр станцияларының шығарындыларын азайту:

Алматы ЖЭО-2 модернизациясы;

Алматы ЖЭО-3 модернизациялау, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу;

Үйді жылыту үшін көмір пайдалантын жеке сектордағы шығарындыларды азайту үшін:

Алматы қаласын және қалаға жақын аудандары газдандыру;

тұтынушылардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмей, жеке тұлғаларға (жеке сектордың тұтынушылары) электр энергиясының түнгі тарифін енгізудің орындылығы (орынсыздығы) туралы мәселені қарау;. 

архитектуралық ережелерге өзгерістер енгізу;

Қаланы көгалдандыру:

қоғамның пікірін ескере отырып, ағаштарды кесуге рұқсат беру және ағаштардың орнын толтыру арқылы кесу механизмін түзету тәртібін күшейту;

жасыл желектерге бақылау жүргізу;

Алматыда ластаушы заттарды сапалы талдау үшін заманауи зертханалар ашу, автоматтандырылған бақылау желілерін күшейту;

жанар-жағармайдың экологиялық стандарттарға сәйкестігін бақылау, қажет болған жағдайда, заманауи зертханалар құру;

дизельмен жүретін қалалық жолаушылар көлігіне кезең-кезеңімен тыйым салу;

«Сергек» жүйесі арқылы Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына автокөліктердің кіруіне жіне жүруіне шектеу мүмкіндігін қарастыру;