19 қаз, 2020 сағат 08:06

Алматыда әпкелі-сіңлілер пирамидалық чат құрған

Алматы облысының тумалары пирамидалық чат құрып, ақша жымқырумен айналысқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Олар қаржылық чатта жиналғандардың ақшасы көбейіп отырады деп алдаған.

Шын мәнінде салымшылардың ешқайсысы ақша алмаған.

«Біздің бөлімшенің тергеушілері WhatsApp арнайы қаржылық пирамида чатын құрған әпкелі-сіңлілердің ісін тергеп жатыр. Олар салымшыларға ірі көлемде табыс түседі деп алдаған. Қыздар әлеуметтік желіде мүмкіндік іздеген, табысқа мұқтаж адамдарды іздеген. Танысқаннан соң өздерінің бизнес жобасымен ақша табуды ұсынған. Олармен сенімді қатынас орнатқан соң ай сайын тұрақты табыс табуға болатындығын айтқан. Бастапқыда 100 мың теңгеден кем салмаған жағдайда 1 айдан соң 150 мың теңге табыс түседі деп уәде еткен. Ақша арнайы шотқа түскен соң ешкімге қайтпаған. Осылайша табыс таппаған 76 адам полицияға арызданды. ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімімен тергеу ісі басталды», - деді Медеу аудандық ПБ басшысы Дәурен Өтебаев. 

Қыздардың әрекетінен жапа шеккен азаматтар болса 254-48-02; 254-48-09 немесе 8-700-379-79-09 нөмірлеріне хабарласуға болады.