01 жел, 2016 сағат 11:52

Алматыда алты көшенің атауы ауысты

- Алматы қаласында 6 көшенің атауы өзгертілді, деп хабарланды «Алматы ақшамы» газетінің сайтында.

Таяуда Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бірқатар көшелердің аты жаңаша аталатын болды. Атап айтсақ, төмендегі көшелердің атаулары:

Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша:

1. «Көкқайнар» шағынауданындағы «Абай» көшесі - «Әзірбайжан Мәмбетов» көшесі;

2. «Әйгерім-1,2» шағынауданындағы «Ленин» көшесі - «Василий Бенберин» көшесі;

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша:

3. «Левон Мирзоян» көшесі - «Шапық Шөкин» көшесі;

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:

4. «8-линия» көшесі - «Ербол Сыпатаев» көшесі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:

5. «Көктөбе» шағынауданындағы «Жамбыл Жабаев» көшесі - «Роза Бағланова» көшесі;

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:

6. «Қалқаман-2» шағынауданындағы «Мұхтар Әуезов» көшесі - «Бәйкен Әшімов» көшесі болып қайта аталатын болды.