Фото: ашық дереккөз
Тек Алмалы ауданында алимент қарызы 1,5 млрд теңгеден асқан. Прокуратура мен қалалық полицияның бірлескен жұмысы нәтижесінде 22 борышкердің көлігі айып тұраққа қойылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жалпы өндірілген сома 74 млн теңгеден асты. 5 іс бойынша 7 млн теңгеден астам қарыз толық өтелді.11 млн теңге қарызы бар тұрғын 1 жыл бостандығын шектеу жазасына кесілді.
