07 жел, 2020 сағат 15:25

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімін тұрақтандыру үшін 7 млрд теңге бөлінді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингіде қаланың азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаның өсуін ұстап тұру Алматы әкімдігі жұмысының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. 

«Жедел шаралар пакеті дереу қабылданды. Азық-түліктік Тұрақтандыру қорын толықтыру үшін жергілікті бюджеттен 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді Б. Сағынтаев. 

Сауда жүйелеріне 44,6 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының 16 түрін жеткізу жоғары тиімділігін көрсетті. 

Алматыда жыл басынан бері жеке қорғану заттарының 7 атауы бойынша 19 түрдің баға индексі 100%-дан төмен деңгейде сақталып келеді. 11 айдың қорытындысы бойынша жеке қорғаныс заттары бағасының индексі 108,6% болып отыр. Бұл - республикадағы ең төменгі көрсеткіш. 

Айта кетерлігі, несиелерді «айналымда ұстаудың» алматылық тәжірибесіне сүйене отырып, республикалық деңгейде «жеке қорғаныс заттарының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың типтік ережелері» қабылданды.